Университет жаңалықтары
2023 жылғы қаңтар айында атқарылған істерге шолу. Университеттің негізгі қызметі әдеттегідей жалғасуда. Студенттердің қысқы сессиясы өтті, демалыс аяқталғаннан кейін тағы да білім беру процесі басталды, кафедралардың тиімділік рейтингі шығарылды.
Университеттегі негізгі дәстүрлі іс-шаралардан басқа, бірқатар маңызды іс шаралар атқарылды, мысалы:
– отбасылық медицина клиникасы базасында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 19 мамандық бойынша “Профессордың қабылдауы” орталығының ашылуы;
-университеттің Медициналық орталығының базасында бірнеше бағыт бойынша арнайы әзірленген пакеттемен check–up (Че-кап) кешенді медициналық тексеру ұйымдастырылды: Check-up-кардио (коронарография жүргізу мүмкіндігімен); Check – Up-Онко (әйелдер мен ерлерге арналған жекелеген бағдарламалар), Check – Up-Гастроэнтерология (ауыртпалықсыз капсулды эндоскопия жасату мүмкіншілігімен).
– университеттің медициналық орталығында амбулаториялық хирургия орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде – “Лами-Гелиос” заманауи лазерлік аппараты сатып алынды, профессор А.Ш. Асабаевтың жетекшілігімен елорданың жетекші мамандары шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Мұның бәрі флебологияда инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді: варикозды тамырлар мен геморрой кезінде тамырлардың лазерлік облитерациясы;
– “Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері” аясында Ақтөбе облысына өзара ынтымақтастық және заманауи технологияларды енгізу бойынша келген мамандардың презентациялары, мастер-класстары және консультативтік-әдістемелік көмегі көрсетілді. Университеттің медициналық орталығында онкохирургия, кардиология, кардиохирургия, фотодинамикалық терапия, генетика бағыттары бойынша 27 пациентке мастер-класстар орындалды;
– Познань медицина ғылымы университеті (Польша) мен Марат Оспанов атындағы БҚМУ өкілдерінің ынтымақтастықты дамыту бойынша виртуалды кездесуі өтті. Тараптар университеттердің одан әрі стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Университеттің және оның клиникалық базаларының материалдық-техникалық жағдайын одан әрі нығайтуға үлкен мән беріледі.
Сонымен, университеттің медициналық орталығында келушілер үшін күту залы мүлдем жаңа келбетке ие болды: әкімші лауазымы енгізілді, пациенттермен және тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету және процесті реттеу үшін, келушілер үшін 15 ыңғайлы диван сатып алынды, жақын арада орталыққа “тыныш сағаттың” кезінде келген туыстарынан пациенттерге берілістерді сақтау үшін шкафтар орнатылатын болды.
Отбасылық медицина клиникасында түпнұсқа пішінімен көзді қуантатын, ыңғайлы баланы құндақтайтын үстелдер, пациенттер үшін ыңғайлы дивандар орнатылған.
Ал университетте барлық кіреберістерде турникеттер орнатылып жатыр, бұл қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеді.
Университет студенттері де назардан тыс қалмады, сондықтан №5 жатақханада (Аққағаз Досжанова көшесі) 24/7 оқу залы ашылды, бұл білім беру деңгейіне және студенттердің уақытын үнемдеуге айтарлықтай әсер етеді.
Мұндай оқу залдары әрбір студенттік жатақханада қолжетімді болады.
Университеттің стратегиялық жоспарын іске асыру, білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамыту, мамандарды даярлау сапасын арттыру, жетекші мамандармен ынтымақтастық, оқу-клиникалық орталықтарды ашумен инновациялық технологияларды дамыту, қызметкерлердің, студенттер мен пациенттердің материалдық жағдайын нығайту және оларға қолайлы жағдай жасау бойынша жасалатын шаралар одан әрі жалғасады.