Директорлар кеңесі төрағасының жұмыс сапары
М. Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ қызметінің басым бағыттары мен Даму стратегиясы мәселелері – әрдайым Директорлар кеңесінің назарында. Бүгін, 06.02.2023 ж. университетке жұмыс сапарымен ДК төрағасы Т. К. Рахыпбеков келді.
– Сапардың мақсаты – БҚМУ – стратег стратегиялық ілгерілету, – деп атап өтті Төлебай Қосиябекұлы, – және осы кезеңдегі қызметтің негізгі мәселелері болып табылатын – жобалық басқаруға көшу мәселелері. Негізінен, бұлар – 1. Адам ресурстарын дамыту 2. Жобаларды қаржылық қолдауды бөлу.
Осы мәселелер бойынша нақты іс – шараларға “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағына конкурс және “Академиялық адалдық”жобасы жатады. Соңғы жоба бойынша ЖОО-ның барлық оқытушыларын инновациялық технологияларға оқыту көзделеді. Оқытушылардың индикаторы қарастырылады, олардың мониторингі арқылы оқыту сапасы айқындалады.
Университеттің ғылым жөніндегі проректоры ғылымды ілгерілету жолдары мен әдістерін қарастырып табуы керек, яғни, ғылымды қалай ынталандыруға болады? Ғылым бойынша екінші жоба – Үздік ғалымға арналған байқау. Клиникалық практиканың, медициналық білімнің және ғылыми қызметтің үштұғырлығын сақтау қажет.
Әр проректордың жұмыс көрсеткіштері корпоративті (Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен) және функционалды, университетішілік болып табылады. Функционалдық көрсеткіштер корпоративтік көрсеткіштерден жоғары болуы керек! Бұл туралы БҚМУ – дың әр кафедрасының мүшелерімен талқыланатын болады. Мәселелер, кедергілер, адал жұмысты ынталандыру әдістері де айтылады.
Директорлар Кеңесі Төрағасының жоспарында – медициналық орталықтың, стоматологиялық клиниканың және отбасылық медицина клиникасының жұмысын жақсартуға бағытталған, БҚМУ клиникалық базасын аралау.