“Шаңғы шақырады”

Барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 21 ақпанда сағат 16.00 – де “Жастар Арена” шаңғы стадионында өтетін “Шаңғы шақырады” атты студенттер арасындағы шаңғы жарысы бойынша университет біріншілігіне қатысуға шақырамыз. Шаңғы тебу эстафетасы қызықты және әсерлі болады. Әр команданың құрамында 2 ұл мен 2 қыз болып, олар тұғырдағы ең жоғары орындарға таласады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мадақтамалар мен медальдар, жанкүйерлердің қошеметі мен таңданысы күтеді, барлық қатысушылар сергектік пен денсаулық, тамаша көңіл-күй мен көрермендердің сүйіспеншілігін табады.

Сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 16.00-ден бастап, “Жастар Арена”шаңғы базасында жарыстарға дайындалып, шаңғы шеберлігі сабақтарын алуға болады.

Сіз жаттығуға қатысу арқылы немесе 87475273897 (жарыстың бас төрешісі – Дема Елена Владимировна) телефоны арқылы жарысқа қатысуға ниет білдіре аласыз.

Қысқы маусымның ең керемет оқиғасында барлығыңызды күтеміз!