Атырау облыстық перинаталдық орталығында
Біздің университеттің жетекші мамандарынан құралған бейінді топ Атырау облысындағы жұмыс сапарын жалғастыруда. Топ құрамындағы
анестезиология және реанимация кафедрасының ассистенті-Е.К. Жұмағалиев облыстық перинаталдық орталығында емдеу, кеңес беру және әдістемелік қызметтер көрсетіп, шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Сонымен бірге, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас анестезиолог-реаниматологы Ж.Е. Кадировпен бірге резидент-анестезиологтарға арналып, мамандыққа кіріспе, оның ерекшеліктері, тәжірибе алмасу және саяси-патриоттық тәрбиелік бағыттағы жылы шырайлы кездесу өткізді. Қалалық перзентханада да емдеу-кеңес беру жұмыстары атқарылды. Атырау облыстық денсаулық сақту басқармасы басшысының орынбасарымен өткен қысқа кездесуде облысты анестезиолог-реаниматолог кадрлармен қамту, материалдық-техникалық базаның жай-күйі сөз болды. Сонымен қатар, облыстың анестезиологиялық қызметінің жоспарын құру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.