Бейінді мамандары Жылой ауданындағы әріптестерімен кездесіп, шеберлік сыныбын өткізді

23.02.2023ж. Жылой ауданына, құрамында педиатр, неонотолог, инфекционисттер, хирург және реаниматолог-анестезиолог бар, М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің бейінді мамандарының тобы барды. Олардың іс-сапары Жылой аудандық емхананасында басталды.

Жетекші мамандар аудандық аурухана және емхана ұжымымен кездесіп, әріптестерімен пікір алмасып, жергілікті мамандардың сұрақтарына жауап берді. Ауданның денсаулық сақтау саласы мамандарына арнап, шағын шеберлік сағаттарын да өткізді.