Республиканың спорт қайраткеріне арналады
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің «Жастар Арена» спорт кешенінде бүгін, 24 ақпан (2023ж) сағат 11-де волейболдан ҚР спортына еңбегі сіңген қайраткер, доцент Несибелі Хамитқызы Телеуованы еске алуға арналған турнир басталады.
Өмірдерек: Телеуова Несібелі Хамитқызы 2 мамыр, 1953 жылы Алға қаласында (Ақтөбе облысы) дүниеге келген. 1970 жылы орта мектепі аяқтап, Қазақ мемлекеттік физикультура институтына (Алматы) оқуға түседі. Дипломын алғаннан кейін арнайы жолдамамен Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының дене шынықтыру кафедрасына жұмысқа қабылданады. Сонымен қатар, 1975-1977 жылдар Несібелі Хамитқызы «Атлант» сауықтыру лагерінде еңбек етіп, өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабылетін де осы жерде айқын танытады.
1986 жылы институттың Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша Н.Х. Телеуова кафедраның аға оқытушысы, 2003жылы кафера доценті, кейіннен жетекшісі болды. Кафедра меңгерушілігін қолына қалған Несібелі Хамитқызы ғылыми-әдістемелік жұмысты оң жолға салды, барлық әдістемеліктеді мемлекеттік типтік жобаға негіздеп қайта жасақтады.
Ол әдістемелік, ғылыми және спорттық жұмыстарды тең деңгейде қатар алып жүрді. Несібелі Хамитқызы республикалық, шет елдік ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасаа та үлкен белсенділік танытты. Телеуова Н.Х. университеттің қыздар волейбол командасын 37 жыл бойы басқарған жаттықтырушы. Қыздар командасы оның жетекшілігімен Республикалық VI,VII,VIII және Бүкілодақтың медициналық ЖОО спартакиадасында тек қана жүлделі орындарға ие болған.
2006-2011 жылдар аралығында Н.Х. Телеуовауниверситтетің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып, жоо-нан талапкерлер тартуда ерен еңбек сіңірген қызметкер..
Несібелі Хамитқызы көпшіл, белсенді, ұйымдастырушылық қабылеті өте жоғары көшбасшы, тәртіптің және талаптың адамы болатын.
Ол 2011 жылдың 5 шілдесінде дүниеден өтті.
ҚР спортына еңбегі сіңген қайраткер, доцент Несибелі Хамитқызы Телеуованы еске алуға арналған турнир университте дәстүрлі ұйымдастырылады. Оның ашылу салтанатына спорт саласының мамандары, жанкүйерлері, Н.Х. Телеуованың шәкірттері мен әріптестері және тума-туыстары шақырылған.