Студенттік қонақтарды қабылдайды
2023 жылғы 23 ақпанда “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ-да Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының студент жастарының қатысуымен SCOME Camp кезекті отырысының ашылуы өтті.
SCOME Camp-KazMSA тарихындағы алғашқы теориялық-практикалық лагерь, оның мақсаты – білім беру жөніндегі тұрақты комитеттің миссиясын орындау және міндеті мен мақсаттары туралы халықтың сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру болып табылады.
Анықтама: KazMSA-Қазақстан Медицина Студенттерінің Тәуелсіз Қауымдастығы.
Оның басты мақсаты – Қазақстан бойынша медицина студенттерінің медициналық білім беруді дамытуға өз үлестерін қосуына негіз болу.
Студенттер SCOME Camp – қа медициналық білім туралы бөлісу және білу, оны жақсарту, жеке және кәсіби негізде барынша пайда алу үшін жиналады.
Биылғы жылдың ерекшелігі – SCOME CAMP өткізу, оның алдыңғылардан айырмашылығы-практикалық және теориялық бөліктерден тұратын олимпиаданы өткізу, сондай-ақ медициналық білім беру жөніндегі тұрақты комитеттің жолдамасы бойынша AF-да өзінің octivity proiect-ті таныстыруға болады.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі міндеттерінің бірі – қазіргі жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту және іске асыру үшін жағдай жасау, дәстүрлі білім беру формасымен біріктірілген қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар ғылыми мектептердің дамуына ықпал етіп қана қоймай, қарқынды дамып келе жатқан әлемдік кеңістікте лайықты орын алуына мүмкіндік береді.
Университет ректоры А. А. Қалиев құттықтау сөзінде: “Лагерьді ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстанда медициналық білім беруді дамытуға 4 күн ішінде аз да болса үлес қосуға ықпал ете аласыз. Осы кезеңде сіздер пікір мен тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне барынша пайда әкелуге тырысып, зияткерлік және шығармашылық әлеуетіңізді, ЖОО аралық ынтымақтастықты аша алуға әрекет жасадыңыздар”,- деп, жастардың елдің болашағы екенін атап өтіп, қатысушыларға жемісті жұмыс, білім беру үдерісінің проблемаларын шешудің жаңа тәсілдері мен жолдарын, білімді және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал ететін ашық диалог пен инновациялық идеяларды зерделеуді тіледі.