Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ардагерлері, оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн – бейбітшілік, ынытмақ күні, Қазақстан халықтарының бір-біріне деген құрмет пен ризашылық танытатын, жалпыхалықтық мейрамы.

Өткен тарихымыз бен адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық жасау сияқты, ата-бабамыздан мирас болған дәстүрлерімізді, алғыс білдіру мәдениетін жаңа сипатта, жаңғырған түрде білдірудеміз.

Сыйластық пен құрметке негізделген жанашырлық жасау, мейірімділік таныту, қолдау көрсетудің тарихи үрдісі жалғасып келеді.

«Бірлік түбі – береке», – дегендей, біртұтас ел болуды мирас еткен бабаларымыздың ұстанымын отаншылдық пен әділеттілік, еңбекқорлық пен ауызбіршілік қағидатына айналдырып, оны жаңа Қазақстанның басты ұстанымдарының біріне айналдыруымыз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтауында:

«Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады.

Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау көрсетуі аса маңызды», – деп атап өтті.

Университетіміздің әрбір мүшесі ұлттық құндылықтар мен ізгілікті жалғастырып, мейірбандық пен қайырымды насихаттап, еңбек адамының озық бейнесін көрсетіп, тарихқа құрметпен қарауды жалғастырып келеді.

1 наурыз Алғыс айту күні отаншылдық мұрат пен ортақ мақсаттар жолындағы әріптестік, ұжымдық жылы қарым-қатынастарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын!

Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Көпұлтты еліміздің халықтары арасындағы береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ арта берсін!

Құрметпен

М.Оспанов атындағы БҚМУ

Басқарма төрағасы – ректоры Ә.Ә. Қалиев