Алдағы бес жыл – еліміз үшін айқындаушы жыл
2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сайлаудың нәтижелері біздің еліміз үшін маңызды кезең болғанын және көппартиялық жүйеге көшуді куәландыратынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, алдағы бес жыл – еліміз үшін айқындаушы жыл болады.
Қазақстан Президенті өз сөзінде барлық құрылымдардың, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің,азаматтарды әлеуметтік қолдаудың және т. б. мәселелерін қозғады.
”Адами капитал: білім беру, денсаулық сақтау” бөлімінде адами капиталдың сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесінде де өткір тұрғанын атап өтті.
Еліміздің медициналық инфрақұрылымын жақсарту қажеттілігі туралы мәселеге де тоқтала отырып, бұл – азаматтардың шағымдарын әділ түрде тудыратындығын белгіледі.
Адами капиталды дамытудың негізгі құрамдас бөлігі денсаулық сақтаудың тиімді жүйесі болып табылады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Елімізде бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде, сондықтан “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында ауылдарда 600-ден астам нысан салу жоспарлануда. Бұл ретте Президент барлық жұмыстардың сапалы және мерзімінде орындалуы, әкімдерге жауапкершілік жүктелуі өте маңызды екенін атап өтті.
Сондай – ақ, өз сөзінде медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалуы туралы принципті маңызы бар мәселе қозғалды. “Олардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауы керек. Бұл мәселені шешуге арналған арнайы заң жобасы Парламентте бір жылға жуық талқыланды”, – деп еске салды Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, құжат негізінен дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыруды реттейтінін, бірақ мамандар мен депутаттар ұсынған медициналық кәсіптің беделін арттыру бойынша нақты шаралар жоқ екенін атап өтті. “Медицина қызметкерлерінің өз құқықтарын заңмен кепілдендірілген қорғауы – маңызды. Парламентшілер бұл мәселені шешуге тиісті көңіл бөлуі керек”, – деп түйіндеді Тоқаев.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттаудың және бұқаралық спортты дамытудың, әсіресе балалар үшін оның маңыздылығын ерекше атап өтті Президент. Мемлекет бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы тиіс”,-деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осылайша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтарымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер қойды.
Әсет Қалиев,
Басқарма төрағасы –”Марат Оспанов атындағы БҚМУ”КЕАҚ ректоры