Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беруді (НИМО) енгізуге дайындық барысы туралы
2023 жылғы қыркүйекте “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ “Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі №ҚР ДСМ-63 бұйрығына сәйкес үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдауға кіріседі.
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім – бакалавриат, интернатура және бейіндік магистратура интеграцияланатын деңгейаралық білім.
Бұдан бұрын, университет құрылғанына 65 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференцияның “дөңгелек үстел” барысында үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын әзірлеудің проблемалық мәселелері талқыланған, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР ДСМ бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ОӘБ отырысы үш рет өткізілді.
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім бойынша оқытылатын пәндердің мерзімі: медицина – 6 жыл, педиатрия – 6 жыл, стоматология-5 жыл. Сондай-ақ, ары қарай магистрлік жобаны қорғау қажет.
Оны аяқтағаннан кейін – біліктілігі шектеулі дәрігер біліктілігі беріледі.
Әр түрлі мамандықтар бойынша дәрігер біліктілігін алу үшін (отбасылық дәрігер немесе бейіндік мамандықтар) – резидентурада одан әрі оқуды жалғастыру қажет.