Алғаш рет шағын-футбол өтеді

Сәуірдің 11-25 аралығында шағын-футболдан Ректор кубогының турнирі өтеді. Бұл спорттық ойын түрі биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Турнирге 1-курс студенттерінен бастап, интерн-резиденттердің де командасы қатысады деп, күтілуде. Кубок үшін барлығы 6 топ таласатын болады.

Аяқ доп жарысы Жастар Аренада 11 мен 28 асәуір аралығында сағат 17 00-де басталады.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 11.04.2023ж. сағат 16 00-де өтеді. Ойын шымылдығын түретін 3 және 4 курс студенттерінің футболшылары. Олардан соң алаңға 2-5 курстың командалары шығады. Алғашқы күнгі ойынды, интерн-резиденттерден құралған командаға қарсы ойнайтын, 1 курс студенттерінің тай-таласы қорытындылайтын болады.

Жарыстарда жанкүйер болып, жеңіс тілейік!