Сүйінші! Бас бәйге – біздің студенттерде!

“Тарих тағылымы” атты зияткерлік олимпиадасының Бас жүлдесін Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттері иеленді! Білім жарысы ұлт тарихының жарқын бейнесі – Кенесары ханның 220 жылдығына арналып, 2023 жылдың 7 сәуір күні өткізілді.

Олимпиадаға барлығы 21 топ қатысты, атап айтар болсақ, М. Оспанов атындағы БҚМУ, Қ. Жұбанов және Бәйішов университеттері, Ақтөбе музыка колледжі.

Біздің университеттен 4 топ білім алаңына шыққан болатын. Зерде мен зейін таразы басына түскен сынға Қ. Жұбанов универсететі 6 топты дайындап, бәйгеге қосты. Қатынасушылары ең көп топ қаладағы іргелі де ірі осы екі оқу орнынан болды. Интеллектуалдық олимпиада жеңімпаздарын қаладағы пікірсайыс клубтарының мүшелерінен құралған, тәуелсіз топ бағалады. Жарыс жеңімпаздарына қаржылай марапат жасалды. Ал, біздің қатысушыларға материалдық қолдау жасаған – университеттің «Gem International» ұйымы.

1 және 2 орын — Марат Оспанов атындағы БҚМУ, 3 орын — Құдайберген Жұбанов атындағы университетке тиесілі болды. Біздің жастар мықты!