Біздің СҒҚ 65 жаста!
27 сәуірде «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» Студенттік ғылыми қоғамының құрылғанына 65 жыл толуына арналған «Ғылым: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Қазақстанның барлық медициналық жоғары оқу орындарының, Башқұрт және Орынбор медициналық университеттерінің, Ташкент медициналық академиясының делегаттары қатысты. Бұл мерейтой – студенттік ғылымның талай жылдар бойы қалыптасқан ерекше тарихы бар сонау. 1958 жылдан бастау алған университетіміздің студенттік ғылыми үйірмелерінің барлық буындарының мерекесі.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректор А.А. Қалиев өзінің алғы сөзінде жүрекжарды құттықтауында: «Біздің университет қабырғасынан, Қазақстанда және өзге өңірлерде есімдері танымал көптеген көрнекті ғалымдардың, университет оқытушылары мен дәрігерлерінің, бұрынғы үйірме мүшелерінің шыққанын, әрине, мақтан тұтамыз. Осы университеттің көптеген оқытушылары да біздің үйірмелеріміздің бұрынғы мүшелері», – деп атап өтті.
«Студенттік ғылыми қоғам» өткен жылдардың мұрасын сақтай отырып, университеттің медициналық, ғылыми және педагогикалық кадрларын даярлау деңгейіне дейін қызмет саласын жетілдіруді және дамытуды тиімді жалғастырып келеді. Университет ректоры құттықтау сөзін жалғап: Бүгінде университеттің ғылыми студенттік үйірмелері дәстүрлі түрде қалыптасқан ұрпақтар сабақтастығы қағидасын сақтай отырып, барлық жаңғыру, қайта құру бағыттарына атсалысып, ғылыми шаралардың басы-қасында жүргені қуантады! Қазіргі студенттер – бұл болашаққа көзқарасы нық, өздерінің кәсіби қызметі мен өмір салты туралы жаңа идеялары бар өркениетті заманның мүлде жаңа да жаңашыл ұрпақтары. Ауқымды идеялар мен батыл эксперименттер, қалыпқа сыймайтын тәсілдер мен болмасты іске асыруда көзсіз батыл қадам жасау сынақтары оң нәтиже береді.
Университет қызметінің басым бағыттарының бірі студенттерді ғылыми қызметке икемдеу, ғылым жолына бағыттау. Ғылыммен айналысатын студенттің, өзін қызықтыратын тақырыпты тереңірек зерттеп, ғылыми іс-шараларға: конференцияларға, олимпиадаларға, студенттік ғылыми үйірмелерге, дөңгелек үстелдерге, шеберлік сабақтарына қатысуы оның әлеуетін айқындап, интеллектуалдық қабілетін арттыратыны сөзсіз.
Сонымен қатар, ғылыммен айналысатын студенттер әрі қарай магистратурада, докторантурада ғылыми қызметін жалғастыруға ынталанып, оң шешімдер қабылдап, болашағына даңғыл жол ашады», – деп түйді. Одан әрі мерейтойлық медаль табыстау рәсімі өтті, марапатталған 52 жүлделінің арасында бұрынғы үйірме мүшелері – әр жылдардағы оқытушылар, қазіргі кезеңдегі студенттік ғылыми үйірмелердің белсенділері болды.
Сөз соңында университет ректоры А. Қалиев қатысушыларға жемісті еңбек, жаңа ғылыми жетістіктер, зор денсаулық және бақ-береке тіледі. Одан әрі Конференция бағдарламасына сәйкес 24 секция бойынша жұмыстар жалғасты. Мерейтой құтты болсын! Жаңа жетістіктер тілейміз!