ҚР СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖОО ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІ – 2023

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) «ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2023» өткізді. АРТА рейтингі білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, білім беру сапасының еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі туралы жұртшылықты хабардар етуді қамтамасыз етеді.

ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау 4 негізгі критерий бойынша жүргізілді:

  • беделді академиялық марапаттарға ие болған оқытушылар құрамы мен оқытушылардың сапасы (15%);
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын, әлемдік журналдардағы жарияланымдарды, академиялық ортаға әсерін және ғылыми жұмыстардың дәйексөзін қоса алғанда, ғылыми-зерттеу әлеуеті (25 %);
  • студенттер мен ПОҚ интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық (25 %);
  • талантты студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тарту деңгейі (25 %);
  • еңбек нарығында түлектердің жұмысқа орналасу және сұраныс көрсеткіштері (10 %).

ҚР ЖОО-ларының тәуелсіз сұраныс рейтингінің 2023 мониторингі «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (медицина) бағыты бойынша Марат Оспанов атындағы БҚМУ көшбасшы орынды иеленіп, келесі нәтижелерді көрсетті:

  • ҚР ЖОО-ның «ТОП-20» бас рейтингісінде -7 орын;
  • білім беру бағдарламаларының «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина)» бағыты бойынша ҚР ЖОО институционалдық рейтингісінде:
  • бакалавриат -1орын;
  • магистратура -1орын;
  • докторантура -1орын.
  • Бакалавриат ББ топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі:
  • В084-Мейірбике ісі -1 орын;
  • В085-Фармация -1 орын;
  • В086-Жалпы медицина – 1 орын;
  • В087-Стоматолгия – 1 орын;
  • В089-Қоғамдық десаулық сақтау – 1 орын.
  • Магистратура ББ топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі:
  • М140- Қоғамдық десаулық сақтау – 1 орын;
  • М144-Медицина – 1 орын;
  • М145-Медициналық-профилактикалық іс – 1 орын.
  • Докторантура ББ топтары бойынша ҚР ЖОО рейтингі:
  • D139- Қоғамдық десаулық сақтау – 1 орын;
  • D141-Медицина – 1 орын.