Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Құрметті әріптестер, студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар және докторанттар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!
Медицина қызметкерінің жұмысы жауапты да құрметті мамандық. Медицина қызметкері күні – адамдарға көмектесудің, ауруды жеңілдетудің, жазылуға үміт берудің, кейде адам өмірін сақтап қалудың қиын жолын таңдағандардың кәсіби мерекесі. Өйткені, денсаулық – адамның ең басты құндылығы.
Біздің таңдаған жолымыз ең қайырымды да асыл мамандықтардың бірі. Өйткені біз емдейміз, оқытамыз және оқимыз, ғылыми зерттеулер жүргіземіз. Халық денсаулығы мемлекеттік басымдықтардың біріне айналған бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің қызметі ерекше маңызға ие.
Біздің міндетіміз – адамдарға көмектесу және тәжірибемізді келешек жаңа буын дәрігерлерге аманаттау.
Жаңа инновациялық технологиялар мен жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану жағдайында да сырқат жандарға деген жанашырлық, мейірімділік, қамқорлық пен жан жылулығы ешқашан өшпек емес. Бұл, отандық медицинаның озық дәстүрлерімен тәрбиеленген мамандар қашанда қажет болады деген сөз.
Өз жұмысының үздігі, тәжірибелі ұстаздар мен дәрігерлерді қамқорлай отырып, біз денсаулық сақтау жүйесі үшін медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлаудың сапалы жаңа деңгейіне өтуіміз керек.
Бұл үшін үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби мүмкіндіктерін молайтып, жаңа кәсіби технологиялар мен оқыту әдістерін үздіксіз меңгеруге деген құштарлық қажет-ақ. Бүгінгі білікті Медицина қызметкерлерінің орынын қандай жас дәрігерлер басатыны біздің бірлескен күш-жігерімізге байланысты.
Құрметті әріптестер!
Адамзатқа деген адал ниеттеріңіз үшін, қажырлы еңбектеріңіз бен адамгершілікке толы мейірімділігіңіз үшін, жанқиярлық ынта, төзімділік пен өз мамандықтарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін Менің шын жүректен шыққан ыстық ықыласқа толы шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Кәсібилік биіктерге сүйреп, арман-мақсаттар жаңа табыстарға шабыт пен қуат берсін. Адал еңбегіміз жақсылықтарға бастап, тек сәтті шақтар әкелсін! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық және игі істеріңіз бен оқуларыңызға жаңа табыстар тілеймін!
Құрметпен, А.Қалиев
Марат Оспанов атындағы БҚМУ ректоры