Батыс Қазақстан медицина университетінің музейі тағы да тарихи құнды жәдігермен толықты!
Іс-шараның басты мақсаты: «Медицина» саласына, университет дамуына өзіндік үлесін қосқан тұлғалардың ерлігі мен еңбегін кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Медицина қызметкерлер күнімен тұспа-тұс келген «Университетіміздің Алтын есімдері» атты Құрмет кітабын ҚР Ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы, академик, профессор, медицина ғылымының докторы Жақсылық Досқалиев ашып, өзі түлеп ұшқан оқу ордасының жетістігіне жоғары баға беріп, өз ризашылығын білдірді.
Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Қалиев Әсет Әскерұлы Құрмет кітабының болашақ дәрігерлерге тәрбиелік мәні зор екендігін баса айтып, «Алтын есімдер»-мен жазылған тұлғалардың артуына тілектестік білдірді.
Айтулы шараға «Қазақстандағы ағзалар донорлығы мен трансплантацияның өзекті мәселелері» тақырыбында өтетін Республикалық конференцияға қатысушылар және университет ұжымы қатысты.
Бүгінгі алтын әріптермен жазылған Құрмет кітабына «Медицина» саласына, университет дамуына өзіндік үлесін қосқан тұлғалардың есімдері еніп отыр.
Бұл өткенді ұлықтау, болашаққа бағдар болып табылады.