Таэквандодан ХІІ Республикалық ашық турнир туралы

Ақтау қаласында 2023 жылдың 17-21 маусым аралығында таэквандодан республикалық турнир өтті, оған 23 команда қатысты.

Таэквандо – жекпе-жекте аяқты тебу үшін де, қорғаныс үшін де белсенді түрде қолданатын корей жекпе-жек өнері. «Таэквондо» сөзі корей тілінің үш сөзінен жасалған: [тхэ] «таптау» + [квон] «жұдырық» + [до] «жол, әдіс, оқыту, дао». Жалпы қабылданған әдеби интерпретация «аяқ пен жұдырық жолы» сияқты естіледі.

Турнирдің қола жүлдегерлері біздің студенттер болды:

  • Гүлзат Айбасова, стоматология факультеті, 6 курс студенті (67 кг салмақ дәрежесінде);
  • Жайна Тілеубаева, жалпы медицина факультеті, 2 курс студенті (73 кг салмақ дәрежесінде);
  • Бақыт Әсет, стоматология факультеті, 2 курс студенті (80 кг салмақ дәрежесінде);
  • Хамзаев Нұрас, стоматология факультеті, 2 курс студенті (87+кг салмақ дәрежесінде).

Турнир жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Студент-спортшыларды, жаттықтырушыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Оқуда табыс пен жаңа спорттық жеңістер тілейміз!