Магистратура үміткерлеріне ақпарат!
2023 жылдың 1 маусымнан бастап, 15 шілдеге дейін Кешенді тестілеуге өтініштерді онлайн түрде Ұлттық тестілеу орталығының http://www.app.testcenter.kz/ сайтында жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың 20 шілде мен 10 тамыз аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасына оқуға қабылдау үшін кешенді тестілеу өткізіледі.
Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдай аласыздар.Тест тапсыру күні, уақыты, мекен-жайы туралы ақпарат 18 шілдеде Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.
Кешенді тестілеуге қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.
Кешенді тестілеуге онлайн түрде өтініш беруге қиындық туындап жатса магистратура және докторантура бөлімінің маманына хабарласуға болады.
Университеттің мекен-жайы: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі 72 үй, 4 қабат, 408 кабинет
Жұмыс телефоны: 8/7132/54-12-20, моб.: 8 708 563 48 55