«Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2023» халықаралық шахмат турнирінің аяқталуы
2023 жылдың 20-28 маусымы аралығында «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2023» халықаралық шахмат турнирі өтті. Турнир Аққағаз Досжанова Конгресс-холлында өтті. 2023 жылдың 28 маусымында сәтті өткізілген турнирдің жабылу салтанаты болды.
Бұл шахмат турнирінің Ақтөбеде өтуі кездейсоқтық емес. Аты аңызға айналған шахмат төрешісі Владимир Дворкович Таганрог педагогикалық институтты бітіргеннен кейін осы Ақтөбе қаласына жіберіліп, балаларымыз бен жастарымыздың дамуына елеулі үлес қоса білді.
Турнирге әлемнің 15 елінен 176 спортшы, халықаралық гроссмейстерлер (12 адам), халықаралық шеберлер (4 адам), ФИДЕ шеберлері (3 адам) қатысты. Ашық турнирмен қатар 14 жасқа дейінгі ойыншылар санатында 80 жас шахматшы қатысты.
«Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2023» халықаралық шахмат турнирінің жабылу күні облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов құттықтау сөз сөйледі.
Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов пен «М.Оспанов атындағы БҚМУ» Басқарма төрағасы – Ректор Ә.Қалиев қатысты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!