Тәрбие жұмысы жөніндегі проректорды тағайындау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің келісімі бойынша Медицина ғылымдарының кандидаты, «№1 жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының меңгерушісі Абенова Нұргүл Абдуллақызы тәрбие ісі жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
Анықтама үшін: Абенова Нұргүл Абдуллақызы «Марата Оспанов атындағы БҚММА» 2003 жылы емдеу факультетін бітіргеннен кейін, 2004 жылы университеттің госпитальдық терапия базасында интернатураны, 2005-2007 жж. – университеттің ЖОО-дан кейінгі медициналық білім беру факультетінің терапия кафедрасында клиникалық ординатураны аяқтады. Кейінірек, 2007-2014 жылдар аралығында ЖТД студенттері кафедрасының ассистенті, 2015-2017 жылдары – №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті м.а., 2017 жылдан бастап №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2009 жылы «Репродуктивті жастағы әйелдердегі аутоиммунды тиреоидит» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 20-дан астам ғылыми жарияланымның, Қазақстан Республикасының 4 авторлық куәлігінің, дәрігерлерге арналған 4 оқу құралының авторы. Біліктілігі жоғары санатты терапевт, жалпы тәжірибелік дәрігер сертификаты бар.
Нұргүл Абдуллақызын жаңа қызметімен құттықтай отырып, Университетіміздің игілігі үшін осы жауапты қызметте кәсіби және шығармашылық табыстар мен елеулі жетістіктерге жетуге және денсаулық, жігерлілік тілейміз!