Ынтымақтастық шекаралары кеңейіп келеді…
2023 жылғы 7-8 тамызда «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-Ректоры А.А.Қалиевтің Самарқан мемлекеттік медицина университетінде іскерлік сапары өтті.
Қысқаша анықтама. Самарқан мемлекеттік медицина университеті 1930 жылы құрылған Орталық Азиядағы бірінші университеті саналады. Білімі өзбек, орыс, ағылшын тілдерінде. Студенттер саны 11 мың болса, оның 2000-ы шетелдік студенттер. Самарқан мемлекеттік медицина университетінде он факультет бар (медициналық; педиатриялық; медициналық педагогика; жоғары мейірбике ісі; стоматология; фармация; медициналық алдын алу; қоғамдық денсаулық сақтау; медициналық биология; халықаралық денсаулықты басқару және клиникалық психология; жоғары оқу орнынан кейінгі білім).
Мамандар даярлау 83 кафедрада жүзеге асырылады: профессорлық – оқытушылық құрам – 624 адам, оның ішінде 85 профессор, 265 ғылым кандидаты. Жақын және алыс шетелдердің белгілі шетелдік университеттерімен ынтымақтасады.
Университет ректоры А.Қалиевтің Самарқан мемлекеттік медицина университетіне сапарының бірінші күні Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және республиканың 16 медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан «Халықаралық жазғы мектептің» басталуымен тұспа-тұс келді.
Самарқан мемлекеттік медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ризаев, Марат Оспанов атындағы БҚМУ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Қалиев және басқа да шақырылған қонақтар қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар спикерлер мектеп оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастығына оң әсер ететінін, өзара пікір алмасудың, тәжірибе алмасудың бірегей кеңістігі болатынын және білім беру жүйесін одан әрі жетілдіретінін баса айтып, студенттерге сәттілік тіледі. Жазғы мектеп 12 тамызда аяқталады.
Университет ректоры А.Қалиевтің Самарқан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ж.Ризаевпен және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры З.Аминовпен кездесуінде университеттер арасындағы ғылыми және медициналық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.