Шетелдік мамандары шебер-класс өткізді
22 және 23 қыркүйекте PhD, “Жүрек ырғағының жібек жолы” қоғамының Президенті, “Тбилиси Американдық госпиталі” жүрек ырғағы бөлімінің меңгерушісі Роин Роинович Рекваваның келуімен навигациялық жүйені пайдалана отырып күрделі жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау, емдеу және радиожиілік абляциясын жүргізу бойынша шеберлік сыныбы өтті.
Сондай-ақ Самарқанд қаласынан, Өзбекстаннан келген дәрігерлер және Түркиядағы әріптестердің техникалық қолдаумен қатысты. 19 бен 73 жас аралығындағы 9 науқас хирургиялық емделді.
Диагноз: 2 қарыншалық экстрасистолия, 1 жүрекше фибрилляциясы, 3 науқас Вольф-Паркинсон-Вайт синдромы және жүрекшелердің дірілі бар 3 науқас.