Белсенді студенттермен кездесу

2023 жылдың 19 қазанында ректорат залында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» Басқарма төрағасы – Ректоры А.Қалиевтің, проректорлардың, декандардың белсенді студенттермен кездесуі өтті.

Студенттік қоғамдастықтың белсенді өкілдеріне төмендегі аталғандар кірді:
– А. Боранбай – «Жалын» студенттік пікірсайыс клубының жетекшісі;
– Н.Әбдібек – «Саналы ұрпақ» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы;
– А. Довлетова – «MedSTARS» студенттер бірлестігінің жетекшісі;
– Г. Абдуллина – студенттік кәсіподақ комитетінің төрайымы;
– А.Сағынтай – «Медициналық волонтер» волонтерлар клубының жетекшісі;
– З. Сәлімжанова – «Das.kz» студенттер ұйымының жергілікті директоры;
– Ж.Тасболат – «Жас қалам» жас ақындар клубының жетекшісі;
– Д.Абилханова – «Y-Peer» волонтерлік желісінің жетекшісі;
– М.Мурзағалиев – ҚазМСА ЕҰ сыртқы байланыстар жөніндегі вице-директоры;
– Р. Әмірханова – СҒҚ бастығы;
– Д.Жұмабаева – «Достық» жастар ассамблеясының төрайымы;
– А.Сисенова – «ЖасSTAR» халық би ансамблінің старостасы.

Кездесуге қатысушыларды құттықтаған ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Қалиев студенттер қауымдастығын дамыту студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға, олардың корпоративтік деңгейін жоғарлатуға бағытталған университеттің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Мұндай ұйымдардың мәдени демалыстарды ұйымдастыру, ғылыми қызмет, қоғамдық белсенділікті арттыру және олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор.

Белсенді қатысушылар қызықты презентациялар, баяндамалар және өткен оқу жылының негізгі нәтижелерін ұсынды.
Біз өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойып, жан-жақты жауаптар алдық, студенттік ұйымдардың жұмысын жақсарту, университетте қызықты және белсенді студенттік өмірді құру бойынша ұсыныстар жасай алдық.

Кездесуді қорытындылай келе, ректор А.А. Қалиев қатысушыларға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді. «Біздің басты міндетіміз – жоғары білікті, жан-жақты мамандарды дайындау, біз бұл үшін қажеттінің бәрін жасаймыз. Университетіміздің рейтингі және халқымыздың денсаулығы сіздерге, біздің студенттер мен түлектерге байланысты. Біз студенттердің қызығушылығын тудыратын сабақтан тыс ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруды дамыту және жетілдіруді әрқашан құптаймыз әрі ондай бастамаға әрқашан жағдай жасаймыз», – деді ректор.

Кездесу нәтижелі, іскерлік бағытында, қызықты өтті. Барлық студенттерге үлкен кәсіби, ғылыми және шығармашылық табыстар, жарқын студенттік өмір тілейміз, олардың университеттің дамуына лайықты үлес қосатынына сенеміз.