Біздің студенттік команда шағын футболдан жеңімпаз атанды!

Ақтөбе қаласында қалалық спорт бөлімі өткізетін жыл сайынғы шағын футболдан облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының құрама командалары арасында біріншілік өтті.

Спорттық жарысқа 5 жоғары оқу орнының командалары қатысты.
Біздің студенттік құрамамыз футзалдан чемпионаттың финалында Қ.Жұбанов атындағы университет командасымен өткен кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде біздің команда І орынға ие болды!
Шағын футболдан чемпионаты ұйымдастырушылар біздің университеттің студенттік құрамасын дипломдармен және медальдармен марапаттады.

Бәрекелді! Біз сіздерді мақтан тұтамыз және оқу үдерісінде одан әрі табыстар мен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
Құттықтаймыз!