Құрметті әріптестер, қызметкерлер, студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар және докторанттар!
2022 жылы тағы да мемлекеттік мереке мәртебесін алған Республика күні құтты болсын!
1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміздің Тәуелсіздігіне жол ашты және маңызды тарихи маңызға ие болды.
Бұл тарихи құжатта аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары алғаш рет бекітілді.
Егемендік туралы Декларация қабылданғаннан бері еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің біріне айналды.
Біздің республикада бүгінде болашаққа сеніммен қарау үшін инновациялық технологиялар, білікті кадрлар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеттің заманауи жүйелері жеткілікті.
Мерекеге ұлттық мәртебе беру ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған маңызды қадам болды.
Республика күні – көпұлтты Қазақстан халықтарының еркіндігін, бірлігін, қуатын, бейбітшілігі мен келісімін білдіреді.
Қазақстанның гүлденуі – біздің ортақ күш-жігеріміздің нәтижесі және болашаққа деген сенімнің негізі.
Еліміз күннен-күнге нығайып, берекесі артып, әр шаңырақта бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік болсын.
Сіздерге бейбітшілік пен береке, денсаулық, кәсіби және ғылыми жетістіктер, әрбір шаңыраққа бақыт пен келісім, табыс пен береке тілеймін!
Мейрамыңмен! Қазақстанның Республика күні құтты болсын!
КЕАҚ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ”
басқарма төрағасы – ректоры Әсет Қалиев