Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын!
24 қазан күні Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холлда Республика күні ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара өтті. «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-Ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Қалиев жиналғандарды құттықтады.
Университет ректоры өз құттықтауында 2022 жылдан бастап Республика күні мерекесі қайтадан мемлекеттік мереке мәртебесін алғанын атап өтті!
Ректор өз құттықтауында «1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация еліміздің егемендігіне жол ашты және маңызды тарихи маңызға ие болды. Егемендік туралы Декларация қабылданғаннан бері еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің біріне айналды.
Біздің республикада бүгінде болашаққа сеніммен қарау үшін инновациялық технологиялар, білікті кадрлар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеттің заманауи жүйелері жеткілікті. Мерекеге ұлттық мәртебе беру ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған маңызды қадам болды.
Республика күні – көпұлтты Қазақстан халықтарының бостандығын, бірлігін, билігін, бейбітшілігі мен келісімін білдіреді. Қазақстанның гүлденуі – біздің ортақ күш-жігеріміздің нәтижесі және болашаққа деген сенімнің негізі», - деді.
Мереке білім беру және клиникалық қызметке елеулі үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімімен жалғасты. Осылайша, оқу ісіне сіңірген еңбегі үшін 4 ардагер «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің атынан төсбелгілермен марапатталды: «Денсалық Сақтау ісінің үздігі» – 6 адамға, «Денсаулық Сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» – 6 адамға, Құрмет грамотасы – 5 адамға, алғыс хат -11 адамға табыс етілді.
Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен – 3 адам, Алғыс хаттармен – 3 адам марапатталды. Сондай-ақ университет ректоры атынан 13 қызметкерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Соңында университет ректоры А.А. Қалиев «Еліміз күннен-күнге нығайып, бейбітшілік пен өзара түсіністік, еліміздің көпұлтты халқының достығы арта берсін! Баршаңызға бақ-береке, денсаулық, кәсіби және ғылыми жетістіктер, табыс пен өркендеу тілеймін, әрбір шаңырақта бақыт пен келісім болсын» деп тіледі!
Марапаттау рәсімі домбырашылардың тамаша өнерімен, студенттік ұжымдар дайындаған тамаша вокалды және жарқын би нөмірлерімен ұласты.
Нәтижесінде жиналғандар мереке алдындағы тамаша жағымды көңіл-күйге ие болды.
Ұлық мереке Республика күні құтты болсын!