Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері!
Сіздерді басты мемлекеттік мереке – Отанымыздың Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан халқының өмірінде тарихи оқиға болды – “Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы” Заң қабылданды.
Қазақстан өзінің жаңа тарихын “Тәуелсіз мемлекет” деп жариялаудан бастады. Еліміздің барлық тұрғындары үшін бұл – жай күн емес, бұл – қазақ халқының мызғымас ерік-жігерінің, болашаққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа ұмтылысының символы.
Тәуелсіздіктің арқасында біз өз болашағымызды өзіміз таңдап құруға мүмкіндік алдық. Шынында да, Тәуелсіздік пен теңдік, бостандық пен мәртебе – кез-келген ұлт үшін жоғары құндылықтар болып табылады.
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың мақсаты – бостандықты алу болды, ал біздің асыл миссиямыз – Егемендіктің негізін сақтау.
Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде әлемдік қоғамдастық мойындаған заманауи үлгідегі мемлекет, халықаралық және өңірлік ұйымдардың толыққанды мүшесі құрылды.
Осы жылдар ішінде біздің университетімізде орта медицина қызметкерлерін даярлау бойынша қосымша факультеттер (тіс дәрігері бөлімшесі), санитарлық-гигиеналық, стоматологиялық және фармацевтикалық, біліктілікті арттыру, жоғары оқу орындары аралық әскери кафедра, медицина тарихы мұражайы, ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Біз арнайы “университет” мәртебесіне ие болдық.
Алғаш рет университеттік клиникалар пайда болды: модульдік отбасылық клиника, заманауи жабдықтармен жабдықталған облыстағы жалғыз кардиохирургиялық орталықтың ашылуымен медициналық орталық, стоматологиялық клиника, 1000 орындық жатақхана, Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холл, “Жастар Арена” спорт кешені, ғылыми-практикалық кітапхана және т. б.
Білім беру үдерісіне инновациялық әдістер, үш деңгейлі жүйе бойынша дайындық, үштілді білім беру, халықаралық ынтымақтастық енгізілді.
Қазір мемлекетіміздің тәуелсіздігінің жаңа кезеңі – жаңа Қазақстанның құрылуы басталды. Біздің алдымызда басты мақсат – бәсекеге қабілетті, білім беретін және ғылыми-зерттеу жоғары оқу орны болу міндеті мен университеттің QS 1000+рейтингіне енуі бағдары тұр. Біз жоғары жетістіктер биігіне ұмтыла бермекпіз.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бірлік, бейбітшілік, жаңа жетістіктер, жұмыста табыс тілеймін!
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры А.А. Калиев.