Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қызылша — дене қызуының жоғарылауымен, жөтел, мұрын сияқты талаураған құбылыстармен, тамақтың ауыруымен және бөртпемен сипатталатын табиғаты вирустық жіті жұқпалы ауру.

       

Қызылшаның белгілері:

Негізгі белгілері: басынан бастап таралатын, дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін бүкіл денеге бөртпелер шығуы, ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және қосымша ауыр аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғану — вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі —1 жаста және екіншісі — 6 жаста. Ал 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау, 6-11 айлық балалар үшін, ал желтоқсаннан бастап қызылшаға қарсы вакцинация мәртебесіне қарамастан 2-4 жас аралығындағы балалар үшін басталды.

Вакцинациялау үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы компонентпен біріктіріледі. Елде ККП жеткілікті көлемі бар.

 

Университеттің отбасылық медицина клиникасы қызылшамен ауырып, ауырған студенттер басқа студенттерден оқшауланып, арнайы изоляторларға орналастырылды. Байланыстағы адамдар да медбикенің тұрақты бақылауында. Сонымен қатар, жатақханалар мен оқу ғимараттарында тұмау мен қызылша бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәрістер оқылды.

Аталған іс-шараларда қазіргі кездегі вирустық ауруларға қатысты мәселелер талқыланып, алдын алу шараларының маңыздылығына да назар аударылды.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ отбасылық медицина клиникасы