Медициналық қызметкерлері жұмысының құқықтық аспектілері
14 ақпан күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы және заңды жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелдің мақсаты — өзекті медициналық құқықтық мәселелері бойынша мамандардың пікірін тыңдау, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қорғалуы мен құқықтық жауапкершілігі туралы мәселелерді талқылау.
Оған Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе облысының прокуратурасы, Ақтөбе облысының полиция департаменті, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе облысаралық сот сараптама орталығы, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық мүшелері қатысады.
Дөңгелек үстелде медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотта қарау тәжірибесі. «Дәрігерлік қате» мәселесі. Қылмыстық кодексінің 317-бабын тергеу және квалификациялау, осы қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын белгілеу, сондай-ақ себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мәселелері. Медицина қызметкеріне қол сұғушылық, яғни шабуыл жасағаны немесе медициналық қызметке кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті (ҚК-нің 380-1-бабына өзгертулер мен толықтырулар) енгізу мәселесін қарастыру. Сұраныс бойынша медициналық құжаттарды алу, дәрігерлік құпияны сақтау. Сапасыз медициналық көмек туралы азаматтардың шағымдарын қарау. Дәрігер мен пациент арасындағы жанжалдарды соттан тыс шешуде жинақталған тәжірибе. Бір жағынан медицина қызметкерлеріне қысым көрсетуге орын болмайтын, ал екінші жағынан дәрігерлердің кәсіби міндеттеріне немқұрайлылық пен адал емес көзқарас болдырмайтын денсаулық сақтау жүйесінің теңгерімді нормативтік-құқықтық базасын құру жөніндегі ұсыныстар.
Спикер — Талғат Жұмағазин М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі.