Онлайн семинары. 2020 жылдың 26 қазанында ProlnCa жобасы аясында «Қазақстандағы мейірбике ісі саласындағы зерттеу тақырыптары: пікірталасқа қош келдіңіздер!» – атты онлайн семинар өтті.
Семинар – бұл 2020 жылдың 26 қарашасында өтетін «Мейірбике ісіндегі инновациялар мен зерттеулерді ілгерілету» атты шағын конференцияға дайындық кезеңі. Онлайн-семинардың мақсаты денсаулық сақтау практиктерімен бірлесе отырып медициналық университеттердегі мейірбике ісі бойынша талқылауды бастау және зерттеуді дамыту болып табылады. Онлайн-семинардың қатысушылары: медициналық ЖОО оқытушылары / магистранттар / PhD докторанттары, практикалық денсаулық сақтау мейірбикелері.