БҚМУ-нің құрылғанына 65 жыл: Мерейтойдың бастауы-шаңғы жарысы!

  Шаңғы жарысын ұйымдастырудағы басты мақсат спорттың осы түрін бұқараға насихаттау, дәрігер-ұстаз болғандықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, қысқы Олимпиадаға маңыз беру және университеттің 65 жылдығын мерекелеуді ресми және салтанатты түрде бастау. Жарысқа қатысушылар алдында ректордың міндетін атқарушы м.ғ.д. Э. К.Исмагулова сөз сөйледі. Ол өз сөзінде шаңғы жарысы униврситеттің 65 жылдық мерей тойының ресми басталуы деп атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

  Жарыс алаңына Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессор-оқытушылық құрамы шықты. Олар жас айырмашылықтары бойынша: 24-30; 30-39; 40-49; 50-59 және 60-тан жоғары деген санатта шаңғы жарысына қатысты. Жарыс жолының ұзақтығы әйелдер үшін- 1,5 шақырым, ерелер арасында 3 шақырым болып белгіленді. Жарыстың бас төрешісі физкультура кафедрасының аға оқытушысы және шаңғы спорты бойынша жаттықтырушы Е.В. Дема.

  Жүлде қоры 1-орынға жеңімпаз медалі мен бағалы сыйлық, 2,3 орын иелеріне медаль және грамота табыс етілді. Жарыс жолына 65 оқытушы-профессорлық құрамның 65 мүшесі шықты. Жарыс қортындысы әр жас санаты бойынша 1 орынға В.Н.Лешенко, Ғ.Исаев, Ш.Медетова, Н.Жұмабай, Н.Әзбергеновтер ие болды

Биыл М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің ірге тасы қаланғанына 65 жыл.