«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ 2022 жылғы түлектерінің жұмыс берушілермен кездесуі

2022 жылдың 25 наурызында университетімізде Аққағаз Досжанова атындағы мәжіліс залында бакалавриат, интернатура, резидентура мамандықтары түлектерінің Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесуі өтті. Кәсіби өсу орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесу «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ 2022 жылғы түлектерді тиімді жұмыспен қамту шаралары аясында және туған университетіміздің 65 жылдығына орайластырылды.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның 6 облысынан (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстары) жұмыс берушілермен, жергілікті билік өкілдерімен, бұрынғы түлектермен жұмысқа орналасу, еңбек жағдайлары, әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жас мамандарға арналған бірнеше кездесулер өткізілді.

Ағымдағы оқу жылында университетте 922 жас маман оқуын аяқтауда, оның 159-ы бакалавриатта, 510-ы интернатурада, 238-і резидентурада, 14-і магистратура мен докторантурада. Кәсіби өсу орталығының басшысы Алмағамбетова А.С. жиналғандарды Қазақстан Республикасының, атап айтқанда Батыс өңірінің медицина қызметкерлеріне қажеттіліктермен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 390 қаулысына сәйкес мемлекеттік грант бойынша білім алған жас мамандарды 3 жылдық жұмысты міндетті өтеу қағидаларымен таныстырды. Жиында Баязитов Е.С. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының м.а., Омаров А.С. – Көпсалалы облыстық аурухананың тері-венерологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, Сагандыкова Г.Т., Сабитова Ш.Қ. – СҚО аудандық ауруханаларының директорлары өз баяндамаларымен сөз сөйледі. Солтүстік Қазақстан облысында медицина кадрларының тапшылығы, интерндер, тар мамандар үшін бос орындардың болуы мәселелері талқыланып, қалада да, ауылдық жерлерде де жас мамандарды әлеуметтік қолдау аясында бірқатар тиімді, қызықты ұсыныстар айтылды. Клиникалық мамандықтардың түлектері медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен тікелей сөйлесуге, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы, болашақта жұмысқа орналасу шарттары, жас мамандардың мансаптық мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік алды. Кездесу нәтижесінде сұраныс хаттар қабылданып, жұмыс беруші, ЖОО және түлек арасында 3 жақты еңбек келісім-шарттары жасалды.