РАДИОЖИІЛІКТІ АБЛЯЦИЯ ОПЕРАЦИЯСЫ

Ақтөбе облысында алғаш рет “БҚМУ” КЕАҚ медициналық орталығының базасында қалқанша безінің қатерсіз түйіндері бар пациенттерге радиожиілікті абляция (РЧА) операциялары жүргізілді.

“БҚМУ” КЕАҚ-да 2021 жылдың күзінде “Қазақстан интервенциялық онкорадиологтар қоғамы” РҚБ ұйымдастырған халықаралық мастер-класс шеңберінде қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін операциясыз емдеудің бірегей, азинвазивті әдістемесі-радиожиілікті абляция (РЧА) енгізілді. Хирургиялық емес емдеудің бұл балама әдісі қалқанша безінің қатерлі ісіктерін емдеуде жақсы тиімділік пен қауіпсіздікті көрсетті, олардың көпшілігі қатерсіз және асимптоматикалық болады.

Қалқанша безінің РЧА процедурасы әдетте ауыртпалықсыз, жергілікті анестезиямен, 10 – 15 минут ішінде жасалады және наркозды қажет етпейді. Әдетте пациенттер оны жақсы көтереді. Радиожиілікті абляция – бұл қалқанша безінің асқынуы сирек болатын түйіндерін емдеудің қауіпсіз әдісі және оны әлемнің дамыған елдерінің көптеген кәсіби эндокринологиялық қоғамдары ұсынады.

2022 жылдың 25 маусымында төрт науқасқа УДЗ бақылауымен, жергілікті анестезиямен, РЧА процедуралары жүргізілді. Түйіндердің өлшемдері 2.0-ден 4.0 см-ге дейін болды. Халықаралық ұсыныстарды ескере отырып, РЧА алдында жұқа ине (пункция) биопсиясының көмегімен дерттің диагнозын растау үшін, сондай-ақ түйіндерді сипаттап және айналасындағы маңызды анатомиялық құрылымдарды бағалау үшін өте маңызды жоғары кәсіби ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.

Қалқанша бездің радиожиілікті абляциясының барлық рәсімдерін Аманқосов Аслан Аманқосұлы және Нұр-сұлтан қаласынан шақырылған, үлкен тәжірибесі бар, осы емдеу әдістеріне маманданған, жоғары санатты интервенциялық онкорадиолог Малаев Нияз Бейсенұлы жүргізді.

 Н.Б. Малаев 2021 жылы МО базасында бауырдың қатерлі ісіктерін емдеуге РЧА әдістемесін енгізді, оны қазіргі уақытта орталық мамандары сәтті қолдануда.

Бүгінгі таңда “БҚМУ”КЕАҚ онкология мен гепатологияда ғана емес, эндокринологияда да азинвазивті емдеудің жаңа бірегей технологияларын енгізетін, Батыс Қазақстанның озық медициналық орталығы болып табылады. Ақтөбе облысының медицинасы “БҚМУ” КЕАҚ басшылығының сауатты да көреген саясатының, мамандардың өзара үйлесімді командалық жұмысының және кез келген уақытта көмектесуге дайын дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында дамып келеді.