Денсаулық сақтау саласына жаңа кадрлар жасақталды
65 жылдық тарихи оқу ордасы түлектерін түлетті, тағы да ел медицинасы мен денсаулық сақтау саласына жаңа кадрлар жасақталып, бітірушы түлектер мемлекеттік үлгідегі дипломдарын қолына алды. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау, фармация және мейіргер ісі факультеттерінің 2022 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі «Аққағаз Досжанова» атындағы конференция холында өткізілді. Үздік диплом тапсыру салтанатты рәсіміне Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Исмагулова Эльнара Керейқызы қатысып, шараны ресми түрде ашып, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі.
Қасиетті қара шаңырақ, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті құрылған уақыттан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру саласында 25 мыңнан астам жас мамандар даярланды.
Университеттің тәрбиеленушілері жақын және алыс шет елдерде табысты жұмыс жасайтын Қазақстандағы көптеген ЖОО-ы мен ҒЗИ-ның оқу және ғылыми ұжымдарын басқарады. ЖОО-ы Еуропадағы Медициналық Білім Қауымдастығымен (AMEE), Еуропаның Медициналық Мектептер Қауымдастығымен (AMSE) серіктестік жасайды, Дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйымдастыру медициналық мектептерінің директорийіне (World Directory of Medical Schools, WHO), ЮНЕСКО Университеттердің Халықаралық анықтамалығына қосылған.К.Марцинковский атындағы медицина университеті (Польша) Университеттің стратегиялық серіктесі болып табылады. Серіктестік аясында серіктес-ЖОО-ның жетекші қызметкерлері топ-менеджерлер және ПОҚ ретінде қызмет етеді.
Бүгінгі бітірушы түлектерге де Университет ұжымының, оқытушы профессорлық құрам өкілдерінің сенімі үлкен. Олар кәсіби шыңдалған маман болып жетіліп, еліміздің денсаулыұ сақтау саласына үлкен үлес қосатынына тілектеспіз!