Біздің қызметіміз
Ағымдағы 2022 жыл – медицина кадрларын кәсіби даярлаудың басталуының 65 жылдығын мерекелеумен университет үшін айтулы жыл (1957 жылы Ақтөбе медициналық институтының негізі қаланған).
Біздің М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары үшін мамандар даярлайтын негізгі оқу орны.
Университет бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, резидентура, докторантура) және қосымша медициналық және фармацевтикалық мамандарын көп деңгейлі даярлауды іске асырады. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі (құрамында халықаралық факультет бар). Оқыту жалпы медицина, стоматология, фармация, мейірбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Оқу ұзақтығы: жалпы медицина – жалпы медицина бакалавры (5 жыл), жалпы практика дәрігері (5+2 жыл); стоматология – стомотология бакалавры (5 жыл), жалпы практика стоматологы (5+1 жыл); қоғамдық денсаулық сақтау – қоғамдық денсаулық сақтау маманы (5 жыл), денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, гигиена және денсаулық сақтау мамандары эпидемиология (клиникалық қызмет құқығынсыз); мейіргер ісі: мейіргерлер (4 жыл) бас дәрігерлердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасарлары, бас мейіргерлер, мейіргер күтімі ауруханаларының меңгерушілері, хоспис, денсаулық сақтау пункті, ЕАҰ бөлімшесінің аға мейіргерлері, медициналық колледждердегі оқытушылар болып жұмыс істей алады.
Қазіргі уақытта әртүрлі факультеттердегі қазақстандық және шетелдік студенттер саны – 4722 адамды құрайды (жалпы медицина-3227, педиатрия-29, стоматология-731, қосдипломды стоматология-5, Қоғамдық денсаулық сақтау – 102, Мейіргер ісі – 16, жеделдетілген мейіргер ісі-99, фармация-100, халықаралық факультет-413 (Үндістан, Ресей, Пәкістан). Резиденттерді, магистранттарды, докторанттарды, студенттерді есепке алғанда, университетте білім алушылардың жалпы саны – 5403 адамды құрайды.
Біздің студенттер, резиденттер ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады, резиденттер саны – 161 адамды құрайды (конференциялар, жарияланымдар және т.б.). Штат бойынша қызметкерлердің жалпы саны – 2304 бірлік көзделген, профессор-оқытушылар құрамының саны 562 адам, әкімшілік-басқару персоналы – 105 адам, клиникалық кафедралар қызметкерлерінің емдеу, оқу және ғылыми жұмыстары қала мен облыстың емдеу-профилактикалық мекемелері базасында практикалық денсаулық сақтау дәрігерлерімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Оқу корпустары, жатақханалары (3), өз клиникалық базаларымыз бар: облыстағы бірден – бір онкология орталығы мен кардиохирургия орталығы бар медициналық орталық; отбасылық медицина клиникасы; стоматологиялық емхана, оқу және компьютерлік залдары бар ғылыми-медициналық кітапхана, интернет-сынып, оқу және ақпараттық ресурстар орталығы, спорттық және медициналық орталықтары бар. Сондай-ақ, заманауи спорт залы мен алаңдары да өз деңгейінде жұмыс істеуде.
Университет құрылымына ғылыми орталық, редакциялық-баспа орталығы, тестілеу орталығы, ақпараттық технологиялар қызметі, оқу-жаттығу орталығы және т. б. кіреді.
Практикалық денсаулық сақтаудың кадрлық тапшылығын ескере отырып, нарық қажеттілігін және біздің мүмкіндіктерімізді ескере отырып, резидентура бойынша білім беру бағдарламаларын қосымша ашу, медицинаның әртүрлі бөлімдері бойынша біліктілікті арттыру циклдерін, мастер-кластар, семинарлар және т. б. ұйымдастыру проблемаларын зерделейміз.
“ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” Жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін дәйекті қадамдармен арттыру қажеттігін атап өтті. Сондықтан, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру бойынша қажеттінің бәрін жасау және қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнына айналу міндетін іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Біз білімді және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша өз алдымызға биік мақсаттар мен міндеттерді қойдық, сондай-ақ, алдағы уақытта студенттер санын арттыру үшін 500 орындық студенттер жатақханасын, университет клиникасын салу жоспарлануда.
Медициналық персоналды сапалы даярлау жаңғыртусыз, материалдық – техникалық базаны нығайтусыз, кәсіби даярлықсыз, практикалық денсаулық сақтаумен интеграциясыз мүмкін емес, бұл білім, практика және ғылымның үштұғырлығын іске асыру үшін 2025 жылға дейін “әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау “салауатты ұлт” ұлттық жобасына сәйкес келеді.
Қорытындылай келе, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – ірі білім беру, ғылыми және емдеу мекемесі, оның мамандары ғылыми мектептердің дәстүрлерін жалғастырып, заманауи білім беру технологияларын, диагностика мен емдеудің озық әдістерін енгізуде, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау — алға қойылған міндеттерді орындауға дайын.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры Әсет Қалиев