Тазалық-денсаулық кепілі
24.09.2022ж. М.Оспанов атындағы БҚМУ ұжымы жалпықалалық сенбілікті тағы жалғастырды. Олар Сәтпаев және Маресьев көшелерінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, күл-қоқысты жинады. «Тазалық – табалдырықтан басталады», – дейді дәрігер-ұстаздар мен университеттің қосалқы құрам мамандары. Олар қала көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына тағы да бір кісідей атсалысып, әрбір кафедра және бөлімше мамандары өздеріне бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды да тиянақты жүргізді. Соның ішінде, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Атап өту қажет, бүгінгі сенбілікке үлкен ұжымының 98% ұйымшылдықпен қатысып, тазартылған аумақтар бойынша 120 тоннадай түрлі тұрмыстық қалдықтар жинады.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Ал, тазалықтың жаршысы – дәрігерлер әрдайым мұндай істің көшбасында жүретіні ежелден-ақ белгілі.