ҚР денсаулық сақтау министрлігінің сайлау алдындағы бағдарламаны орындау мәселесі Amanat отырысында талқыланды
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Вячеслав Дудник пен Жандос Бүркітбаев Amanat партиясы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау алдындағы бағдарламасын орындауы туралы баяндады
Мәселен, бүгінгі таңда әрбір өңірде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті резервін қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейін арттыру іске асырылды.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірлеу міндеті орындалды.
“Отбасы институтын нығайту үшін жыл сайын 7 мың квота бөлу қарастырылған. Қазіргі уақытта 6 037 әйел көмекші репродуктивті технологияларды қолдана отырып емделуге жіберілді, осылайша біз Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасының жоспарлы мәндерін 86% орындадық”, – деді В.Дудник.
Вице-министр 79-тармақты орындауға қатысты Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету шектеусіз жүзеге асырылатынын атап өтті.
Жандос Бүркітбаев сондай-ақ егде адамдардың ауруларын емдеуге маманданған медицина кадрларын даярлау қамтамасыз етілгенін айтты.
2025 жылға дейін медицина қызметкерлерін оқытудың 20 бағдарламасын әзірлеу қарастырылған.
“Біз медицина кадрларын оқытудың халықаралық стандарттарына көшуді көздеп отырмыз. Мәселен, бүгінгі таңда Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы IAAR тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде мамандандырылған аккредиттеуден өтті”, – деп хабарлады Ж.Бүркітбаев.
Медицина қызметкерлерін даярлауға гранттар санын ұлғайту үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидалары бекітілді.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 30 пайызға өсті. 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы қазірдің өзінде 420 мың теңгені құраса, жоспарланған көрсеткіш 416 мың теңгені құрап отыр. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 20 пайызға өсіп, 234 мың теңгені құрады.
Сайлауалды бағдарламаның 124-тармағына сәйкес, медициналық ұйымдарды жарақтандыру 84,5 пайызға, 2022 жылға арналған жоспар 60 пайызға жеткізілді.
Өңірлерде аудандық ауруханаларды қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде, бұл көрсеткіш 74 пайызға орындалып, 84,6 пайызға жетті.
Министрлік Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Астана қалаларында университеттік ауруханалар, сондай-ақ Түркістан, Петропавл, Көкшетау қалаларында көпсалалы ауруханалар салу бойынша жобаларды пысықтауда, деп хабарлады Жандос Бүркітбаев.
“ҚР ДСМ-нің ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы” және “ҚР ДСМ-нің Ұлттық ғылыми жұқпалы аурулар орталығында” ғылыми-зерттеу компоненті бар екі көп салалы клиниканы жобалау жүргізілуде.
2022 жылы 35 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын ашу жоспарлануда.
Жол картасының жоспарына сәйкес, Amanat партиясы 2022 жылға 1,2 млн. астам ауыл тұрғындарын жылжымалы медициналық кешендермен қамтуды жоспарлаған.
“Еліміздің медициналық ұйымының деректері бойынша қазіргі уақытта ЖМК қызметтерімен 2 мың 230 ауылдық елді мекен қамтылды, онда 1,1 млн. адам медициналық тексерулермен қамтылды, оның ішінде 495 мыңға диагностикалық зерттеулер, 316 мыңға зертханалық зерттеулер, 1 млн. бейінді мамандардың консультациялары жүргізілді, 92 мың науқас анықталды, оның ішінде 24 мың пациент есепке алынды”,- деді В. Дудник.
МӘМС шеңберінде халыққа қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі артты. 2022 жылдың 7 айында ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде компьютерлік томография бойынша 416 361 қызмет, магнитті-резонансты томография бойынша 460 036 қызмет және позитронды-эмиссиялық томография бойынша 9 304 қызмет көрсетілді.
Жазбаларды болдырмау және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген қаражатты жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер туралы SMS жіберу жобасы жүзеге асырылуда.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отандық фармацевтикалық және медицина саласын дамытуды қолдау шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда барлық сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардағы отандық өнімнің үлесі 33 пайызды құраса, 2022 жылға арналған жоспар 40 пайызды құрап отыр.
“Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының Қазақстан халқы алдындағы міндеттемелерін орындау бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде. 2022 жылға қойылған барлық міндеттерді Министрлік белгіленген мерзімде орындайды деп есептейміз”, – деп түйіндеді Ж.Бүркітбаев.
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/433412?lang=kk