Отбасылық медицина клиникасының болашағы

Отбасылық медицина клиникасы-халықпен алғашқы байланыс жасайтын және медициналық көмек көрсетудің негізгі буыны. Ол профилактикалық бағытпен бірге жұмысты дұрыс ұйымдастыра отырып, емдеудің нәтижесі өмір сапасы мен ұзақтығына байланысты есептелетінін көрсетеді. Ағымдағы кезеңде, мұнда материалдық қамтамасыз етуді қоса алғанда, көптеген шешілмеген проблемалар бар.
Олардың қатарында ғимаратты қайта жаңарту, қосымша құрылыс салу, бекітілген халық санын ұлғайту, заманауи техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жобалау-сметалық құжаттама, техникалық тапсырма дайындалды.

“Primary Health Care” Ұлттық қауымдастығымен ынтымақтастық туралы жасалған меморандумға сәйкес, қызметкерлерді практикалық қызметке енгізе отырып, инновациялық әдістерге оқыту жоспарлануда.
Келешекте инновациялық озық технологиялармен “Үздік тәжірибелер орталығын” – Батыс Қазақстан үшін демонстрациялық платформа ретінде ұсынбақшымыз.
Мамандардың көпсалалы тобымен үздік тәжірибелер орталығын дамыту және инновациялық технологияларды енгізу – қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Алдағы уақытта жалпы дәрігерлік практиканың барлық кафедралары клиника базасында орналасады, осылайша студенттерді оқыту қолжетімді, пациентке бағдарланған болады.