Медициналық орталықта ағаш отырғызу акциясы өтті

Орталықтың аумағы 1500 түп көшетпен толықты. Оның ішінде 750 қарағаш және осыншама қайың ағаштары бар. Игілікті бастама жалпыоблыстық сенбілік және облыс әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен өткен аптада бастау алған ағаш отырғызу акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.

Бұл шараға медициналық орталықтың ұжымы түгелдей атсалысты, мысалы, 15- қазан күні мұнда 2-3 қатардан екі қапталға көшет егу жұмысы атқарылды. Орталықтың төңірегін абаттандыру мен көгалдандыру аясында жалпы көлемі 1 мың шаршы метр жерге жас талдар отырғызылды. Бүгінгі игі іске мұрындық болған университеттің әкімшілік және шаруашылық құрамы.

Ер-азаматтар бұл күні медициналық орталықтың дәл алдына қатарластырып бірнеше түп жас көшет отырғызды. Ағаш отырғызу акциясы – табиғатты аялап, айналаны көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған жалпыға ортақ ізгі істің бірі.