Адал еңбегі үшін

Университеттің 65-жылдық мерей тойына арналып дайындалған медаль салтанатты жиында өз иелерін тапты. Медаль «Адал еңбегі үшін», деп аталады. Бұл марапатқа университетте ұзақ жылдар еңбек етіп, оқу орнының табысына өздерінің жеке үлесін қосқан түрлі кәсіп иелері лайық, деп танылды.

«Адал еңбегі үшін» медалін Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Көзденбаева Раиса Салмаганбетқызы табыс етті.

Университеттің дамуына, іргелі табыстарға жетуіне ұзақ уақыттан бері адал еңбегін сіңіріп, өздерінің сүбелі үлесін қосқан адамдар марапатталды:

  1. Шайхымов Еркін – психология кафедрасының профессоры, 50 жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз;
  2. Ділмағамбетов Сәруар Нұрғалиұлы – университетте 40 жылға тарта еңбек етіп жүрген ардагер, ұжымға аса сыйлы, химиялық пәндер кафедрасының профессоры;
  3. Жақанова Гүлбаршын Құрманбекқызы – университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің ірге тасын қалаушылардың бірі, саналы ғұмырын еңбек жолына арнаған ардагер, оқу әдістемелік бөлімнің әдіскері;
  4. Қосуақова Күнсұлу Қайырқызы – көптеген жылдар бойы үлкен жауапкершілікті жұмысты абыроймен атқарып жүрген, бас ғимараттың коменданты;
  5. Көбенова Күлпаршын Иванқызы – медициналық орталықтың әлеуметтік өмірінде елеулі орны бар, кәсіподақ жұмысының майталманы, медициналық орталықтың клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі;
  6. Сүлейменова Гүлбаршын Әбілхайырқызы – жедел хирургиямен қалыпты топографиялық анатомия кафедрасының аға лаборанты.