Сүйінші!

Өнер – кез келгенді мойындатып, көпшілікті тәнті етер ерекше қасиет. Университет мақтанышына айналған халықтық «ЖасStar» би ансамблі – бірден-бір кәсіби өнер ұжымы. Осы ұжым «Ақтөбе облысының мәдениет, және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 13 қантар №4-10/50 бұйрығының 1қосымшасына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарының «Халықтық» (Үлгілі) атақтарын екінші мәрте растады.

Үздіксіз ізденістер мен дайындықтардың нәтижесінде осы атақты барын салып қорғап шықты. Әрине, мұның барлығы – университетіміздің халықтық ұжым «ЖасStar» би ансамблдің көркемдік жетекшісі Сейтжанова Гаухар Маралқызының ауыз толтырып айтар жетістігі мен бишілеріміздің үздіксіз еткен еңбегінің жемісі деп білеміз.

Жетекшіміздің ұшан теңіз еңбегімен, ұжымымыздың ұйымшылдығы мен татулығының, тынымсыз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік.