Қауіпсіздік бірінші орында

Бүгін, 15.02.2023 жылы М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің бас ғимаратында жаңа турникет іске қосылды. Адам қауіпсіздігі –бүгінгі күннің басты талабы. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе болып тұр. Біз оқушылар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға тиіспіз», – деп атап көрсеткен болатын.

Бұл мақсат университет әкімшілігінің де ең басты-мүддесі. Антитеррористік ережелерге сәйкес, мектептерде, оқу орындарында дабылқаққыш пен турникет болуы тиіс. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында университет және Банк Центр Кредит АҚ-ы арасында келісім сөз жүргізіліп, табанды ұйымдастыру атқарылды. Сөйтіп, барлық оқу ғимараттарының кіріберісінде турникеттер құрылуда.

Бүгін, бас ғимараттағы турникет қолданысқа берілді. Оның ашылу салтанатына ұжым мүшелері, стдеденттер және банктің ресми өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Марат Оспанов атындағы БҚМУ Басқарма төрағасы-ректор, м.ғ.д.,профессор Ә.Ә.Қалиев оқытушылық-профессорлық, техникалық құрамының және студенттердің қауіпсіздігі үшін алдағы уақытта қауіпсіздік шаралары жетілдіре түсетіні жайында жиналғандарды хабардар етті.

БанкЦентрКредит АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары М.Т. Кенжеханов өз сөзінде іскерлік байланыстың ұлғайып, келешекке қауіпсіздік мақсатында бірнеше істің жоспарланғанын айтып өтті. Салтанатты жиынның соңында турникеттің ашылу рәсімі бойынша алқызыл лента қиылып, екі басшы электрондық картамен жүріп өтті. Ресми салтанат соңында жиналғандарға «Ас атасы-нан» дегендей ұлттық тағам-бауырсақ таратылды.