Д.Н. Аяғанов Атырау облысындағы әдістемелік-нұсқаулық көмек көрсетті

21.02.2023ж. М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің «Психиатрия және наркология курсымен неврология» кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д. Д.Н. Аяғанов Атырау облысындағы әдістемелік-нұсқаулық көмек көрсету мақсатындағы іс-сапардың шеңберінде Атырау облыстық балалар ауруханасында стационар мен реанимациядағы 16 баланың денсаулығын бақылап, өз кеңесін берді.

Бұған қоса, реабилитациялық орталықтағы балаларға қабылдау өткізді. Түстен кейін кафедра жетекшісі Д.Н. Аяғанов атыраулық дәрігерлер – невролог, неонатолог, реабилитолог және онкогематолог – мамандарға арнап, «Спинальды бұлшықет атрофиясы. Дюшенн миодистрофиясы» тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-сапар ақпан айының 24-не дейін жалғасады. Жоспарда Жылой және Мақат аудандарында қабылдау өткізу белгіленген.