«Шаңғы алаңы шақырады» атты университет біріншілігі

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан 21 ақпан (2023ж) күні шаңғы спорты бойынша университет біріншілігі болып өтты. «Шаңғы алаңы шақырады» деген атпен дәстүрлі ұйымдастырылатын қысқы спорт біріншілігіне қатысушылар «Жастар арена» маңындағы алаңда аяқтарына шаңғы байлады. Аралас эстафета түрінде өткен шаңғымен сырғанауға 4 адамнан құралған қыздар және жігіттер тобы қатысты. Олар 1 шақырым қашықтықта шаңғымен сырғанап жарысты. Барлығы эстафетаға 10 топ, яғни, 40 студент қатысты.

«Шаңғы алаңы шақырады» жарысының ресми ашылу салтанатында «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Науанов М.С. қатысушыларды құттықтап, оларға табыс тіледі. Шаңғы жарасының бас төрешісі дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Дёма Е.В. жарыстың тәртібі мен талабын, реттік санын және жарыс жолының қашықтығы туралы хабарландыру жасады.

Жарыс тартысты өтті, нәжесінде құрамында Хамзиева Нурсултан бастаған (205топ, стом.) Мақсут Бекзат, (109 стом.,) Сейтжан Диана, (137 ж/м,) Наурызбай Раушан, (111 стом.) топ жеңіске жетті. Жеңіс тұрғырының екінші сатысына Жолан Елназдың тобы, құрамында (314 ж/м), Жалгаспаев Адильжан, (137 ж/м,) Калесова Камилы, (207А ж/м,) Увахит Жаннур, (111 стом) бар, осылар көтерілді. Ал, жүлделі 3-орынға Савитов Диас, (220А ж/м,) бастаған, құрамында Кенесов Нурсултан, (137 ж/м,) Джумашева Диляра, (220Б ж/м) және Ғаниқызы Арайлым, (132 ж/м) бар топ ие болды.

Шаңғы жарысы ерекше қызықты әрі тартысты өтті, жанкүйерлердің қызу қолдауы да бұл кешке ерекше сән беріп, шаңғышыларды жеңіске жігерлендірді.

Салтанатты түрде жеңімпаздарға медаль, грамота және сыйлықтар табыс етілді. «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Науанов М.С. жеңімпаздарды құттықтап, оларға оқуда және қоғамдық өмірде табыс пен сәттілік тіледі.