Жерлестерге жанкүйер болып, жеңіс тілейік!

24-25 ақпан 2023ж. аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің «Жастар Арена» спорт кешенінде өтетін волейболдан Республикалық турнир ҚР спортына еңбегі сіңген қайраткер, доцент Несибелі Хамитқызы Телеуованы еске алуға арналған. Ол 37 жыл бойы университеттің қыздар волейбол командасының тұрақты жаттықтырушысы болды.

Республикалық қыздар волейбол турниріне біздің универстеттен 2 команда қатысады. Команда құрамында I-VI курстарда оқитын студенттер бар. Олар аптасына 2 рет тұрақты жаттығады. Қыздар волейбол командасын 2013 жылдан бері С.У. Бисенгалиев жаттықтырады. Ал, команда капитаны – VI курс студенті (жалпы медицина) А.Луговая. Университеттің қыздар волейбол командасы 2019 жылы Республикалық универсиадаға қатысқан.2022 жылы аймақтық турнирде 3 жүлдеге ие болған.

Байрақты бәсекеде жерлестерге жанкүйер болып, жеңіс тілейік!