Сайлау мәдениеті
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де «Зерде» қоғамдық-пікірсайыс клубы және Ақтөбе қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастырумен «Сайлаушылар мәдениеті» тақырбындағы дөңгелек үстел өтті. Мұндағы мақсат – азаматтардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Ақтөбе қаласындағы өкілі, с.ғ.к, доцент А.А. Кеңесов өз сөзінде алдағы сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, сайлаушылардың, әсіресе жастардың сайлау мәдениетін дамыту, құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру өте маңызды және қажет,- деді.
Жиын сайлау процесінің түрлі бағыттары жөніндегі пікірталас өте белсенді өтті. Кафедра жетекшісі Ж.Т. Төлепбергени, профессор, Е.Шайхимов, phd М.Қ. Исламов, аға оқытушы С.С. Кумыспаев т.б. өз ойларын ортаға салды. Профессор А.Т. Тайжанов, сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын және олардың сайлау белсенділігін арттырудың аса маңызды екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Д.Ашыққалиева, А.Молдамұрат тұрғындардың электоралдық белсенділігін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдң қорытындылай келе, Б. Молдин, сайлау мәдениеті мен сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында шынайы және сындарлы форматтағы дөңгелек үстел, семинар т.б. жиындардың маңызын атап өтті және қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан ризалық білдірді.