Сүйкімді де қымбатты әйелдер қауымы!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл жылдың ең нәзік, жарқын және әдемі күні. Көктемнің басталуы, табиғат оянуы. Көктемгі күннің алғашқы сәулелерімен алғашқы жылу келеді.

Құрметті асыл жанды сұлу арулар, бұл жылу үйлеріңізге де, жаныңызға да қоныстансын. Табиғаттың сұлулығы шабыттандырып, Сіздің көңілді, әдемі күлкіңізді үнемі естіп жүрейік.

Көздеріңіз бақыттан, шынайы сезім мен керемет көңіл-күйден жарқырағанын тілеймін. Өмірлеріңізді үлкен жоспарлармен, үлкен жетістіктермен толтыруды, жарқын мейірімділік көрінісі болып қалуды, кез-келген істе қабілет пен талантыңызды көрсетуді тілеймін.

Отбасылық жайлылық, қайырымдылық, ырыс-несібе және өмірге деген сүйіспеншілік таусылмасын! Әрқашан бақытты, жас, табысты, сүйкімді және ерекше болыңыз!

Көктем жаныңызда болсын, осы көктем күн сайын қуантатын оқиғалардың басталуы болсын!

Адал еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

М. Оспанов атындағы БҚМУ

Басқарма төрағасы – Ректор: А. Қалиев