Қайта оралған «Екі жұлдыз»!

Біздің университеттің ұзақ жылдан бері қалыптасқан және оқу орнының «визиткасына» айналған өзіндік дәстүрлері бар. Соның бірі де бірегейі-«Вена балы» деп аталатын қайырымдылық іс-шарасы мен «Екі жұлдыз» шоу бағдарламасы. Бұл екі көркем де әлеуметтік бағдарлама университетет шеңберінен асып облыстық сипатқа ие болған, Ақтөбе облысының қоғамдық, рухани-мәдени өмірінде зор маңызға ие болған айтулы оқиғаға айналды. Қалыптасқан дәстүр жылда ұйымдастырылып өткізілген сайын жаңа қырынан танылып, өсіп, дамып, жетіліп келе жатыр еді. Алайда, әлемдік «Covid-19» пандемиясы салдарынан тоқтап қалды.

Міне, сол сағынған «Екі жұлдыз» университет сахнасына қайтып оралды. Осымен 6-рет болатын 2023 жылдың 7 сәуірінде сағат 15 00-де өз көрермендері мен жанкүйерлерін күтетін шоу бағдарлама А.Досжанова атындағы Конгресс холда өтеді.

Студент пен оқытушыдан құралған 5 жұп ән шырқау, би өнері және таныстырылым атаулары боынша өз ара сынға түседі. Оларды 6 адамнан тұратын, кәсіби түрде өнердің түрлі жанры бойынша тәжіриесі бар қазылар алқасы бағалайды. Сонымен қатар әділ қазылар құрамында алдыңғы жылдардағы «Екі жұлдыз» өнер бәйгесінің жеңімпазы да бар.

Унивеситеттің «Екі жұлдыз» шоу бағдарламасының тарихы 2012 жылдан басталады, сол уақыттан бері бірнеше оқытушы мен студент жұбы өнер бәйгесіне қатысып, жүлдегер атанды. Оқытушылар университеттің қоғамдық өміріне белсене араласу арқылы жеке бас үлгісін көрсетіп, студенттерге өнеге көрсетті, жол сілтеді. Шоу бағдарламасының жоба авторы және тұрақты ұйымдастырушысы студенттік және университет қызметкерлері бастауыш кәсіподағы.

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар, ал көрермендер мен жанкүйрелерді көтеріңкі көңіл күй, мерекелік көркемдік күтуде. Асыға, сағына күткен «Екі жұлдызды» бірге анықтап, университеттің тағы бір жұлдызды жұбын бірге таңдайық! Келіңіздер, көріңіздер!