Біздің футбол секциясының тарихы

Ректор Кубогы үшін шағын-футболдан турнир қарсаңында оқырмандар ықыласына мынадай қызықты деректерді ұсынамыз.

Университтегі футбол секциясы 1987 жылы құрылған. Оның тұңғыш жаттықтырушысы әрі ұйымдастырушысы С.Е. Даржанов болды. Команданың қалыптасып, тұрақты жаттығуына зор ықпал еткен сол уақыттағы дене шынықтыру кафедрасының жетекшісі Ж.А. Айпеисов еді. Сонымен қатар футбол секциясының жұмысының жанданып, студенттер арасында бұқаралық сипат алуына ректор – А.С. Смағұловтың да үлкен қолдауы себеп болды. Команданың капитаны болып Тусипкалиев Асылбек (қазіргі балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Асылбек Балашұлы).

Алғашқы құрылған команданың құрамында ағайында Ақылбек, Асылбек Тусипкалиевтер, Изимов Нұрлан, Исмагулов Нұржан, Иманбаев Малік, Медетов Болат, К.Заденюк, С.Садовников, ағайынды Дженаллаевтар және Т.Симбатов сияқты студенттер ойнады.

Бұл ойыншы-студенттердің барлығы да жан-жақты жетілген, әрқайсысысының бойынан көшбасшылық қасиет танылған жастар болатын. Футбол ойынына деген табиғи қабылеті мен бейімділігі мол Тусупкалиев Ақылбек 2 курстың өзінде Ақтөбе облысының «Актюбинец» футбол командасының құрамына шақырылған болатын. Алайда, ол медицинаны таңдады.