Тазалық-жалпы мәселе

Бүгін, 2023 жылғы 18 сәуірде профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ және Медициналық орталықтың аумағын санитарлық тазартуға белсенді қатысты.

Бірнеше күн қолайсыз ауа-райынан кейін күннің бүгін жарқырап тұрғаны, барлық қатысушыларға күш-жігер мен позитивтілік қосты.

Қатысушылар аумақты таза күйге келтірді: олар қыстан кейін қалған қоқыстарды жинады, аумақты бұтақтардан, құрғақ жапырақтардан тазартты және т.б., сонымен қатар, қолайлы экологиялық аймақты құруға 50 қарағай отырғызу – маңызды үлес болды.

Тазалау және абаттандыру бойынша осындай іс-шараларды ұйымдастыру, экологиялық таза аймақ құру, жас ұрпақтың еңбексүйгіштігін дамыту – университеттің жақсы да пайдалы дәстүрі.

Университет пен Медициналық орталық аумақтарының тазалығына қосқан үлесі үшін еңбектенгендердің барлығына алғыс айтамыз!